Талғарда жасөспірім қызды төрт жігіт зорлаған
Талғар ауданы Тұздыбастау кентінде жасөспірім қызды төрт жігіт зорлаған.
Күдіктілердің бірі жасөспірім қызды қаңырап бос қалған жерге алып кеткен. 18 бен 23 жас аралығындағы төрт жігіт оны зорлап, болған оқиға туралы біреуге айтпауын талап етіп, қорқытқан.
Полиция кәмелетке толмаған адамды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
«Жедел-іздестіру іс — шаралары барысында полицейлер барлық төрт күдікті адамды анықтап, ұстады және қамауға алды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», — деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Тергеу барысын аймақ полиция департаментінің басшылығы бақылайды.
фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков