Талғарда ірі өрт болды (видео)

Әлеуметтік желіде Талғардағы ірі өрттің видеосы пайда болды – өрттің жалпы ауданы 150 шаршы метрді құраған, ол жеке үйді шарпыған. Жағдайға байланысты Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
Kris_p_talgar Instagram-парақшада өртке оранған ғимараттың видеосы жарияланды. «Партизанская көшесіндегі болған жарылыстан кейін шыққан өрттің алғашқы минуттары. Алдын ала мәлімет бойынша газ баллоны жарылған», – делінген видеоның сипаттамасында. Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!