Талғар тұрыны нөміріне тегін жазып алған: Полиция мәлімдеме жасады

0

Алматы облысының Полиция департаменті мемлекеттік нөмірге өзінің тегін жазып алған автокөліктің иесін анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ЭК.

Оған Талғар аудандық ПБ қызметкерлері жұмылдырылған. Кім екені анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданбақ.

«Іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. Мән-жайы анықталса, қосымша ақпарат береміз», — дейді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Талғарда нөмірдің орнына тегі жазылған көлік туралы Андрей Андреев деген Facebook қолданушыcы ақпарат таратты. Ол парақшасына машинаның суретін де жүктеген. Онда көлік нөміріне «TOLENDIEV 05» деп жазылған.

«Талғарда ерекше нөмірлерді жолға қалдырып, өзінің тегін жазып алған адам шықты. Енді кез келген жол полициясы кімнің келе жатқанын білетін болады. Тексеріп те жатпайсың. Құрметті адамдарды тоқтатып не қылсын!» — деп мысқылдайды ол.