Талғар қаласының әкімі мен оның орынбасары қызметінен кетті

0

Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков пен оның орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін қызметінен босатылды. Бұл туралы әкімдік өзі хабарлады.

Талғар қаласының әкімі Күрішбеков Бахыт Куатбекович, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін атқарып отырған лауазымдарынан босатылды, — деп жазылған ресми ақпаратта.