Талғар қаласында спорт кешені ашылды

0

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруды мақсат ете отырып, ашылған дене шынықтыру кешендерінің мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорт түрлерін дамыту және   жастардың спорттық шеберліктерін арттырумен қатар аудан бойынша бұқаралық спорттық іс-шараларының спортпен шұғылданушылардың санын көбейту, спортшыларымыздың облыстық, республикалық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.

180 орынға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің негізгі корпусында  жаттығу залы, мәжіліс залы, функционалдық жаттығулар, ойын залы, күрес залы, бокс залы, сонымен қатар, территориясында волейбол, баскетбол, футбол спорттық алаңдары, стадион және 400 орындық көрермен трибунасы орналасқан.

«Алмалы» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне 56 штат берілген.

«Алмалыда» спорттың 15 түрінен бокс, баскетбол, волейбол, грек-рим, қазақша күрес, еркін күрес, жеңіл атлетика, футбол, гандбол, таэквондо, каратэ-до, самбо, жекпе – жек, садақ ату, тай-бокс оқу-жаттығу жұмыстары жүреді. Алдағы уақытта  915 оқушы жаттығатын болады.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Дереккөз: http://egemen.kz/