Талғар ауданына жаңа әкім тағайындалды

0
98

Бүгін ҚР Президенті әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімімен Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың өкімімен Қайдар Әбдіханов Талғар ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы әкімдік сайты жазды.

Қайдар Әлиханұлы 1974 жылы Алматы облысы Талғар ауданы Октябрь ауылында дүниеге келді. 1997 жылы Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын «мал шикізатын тауарлаушы инженер» мамандығы бойынша, 2003 жылы Экономика және құқық академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Талғар қаласындағы «Айгерим» ЖШС-нің коммерциялық қызмет директорының орынбасары ретінде бастаған. 1998 жылы Алматы қаласында «Қару – Жарақ» Республикалық мемлекеттік мекемесінің қара және түрлі-түсті металлдар қалдығын сату бөлімінің инженері, ал 1999 жылдан 2014 жылға дейін ҚР Кеден органдарында қызмет атқарған. 2014 жылдан 2016 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қостанай-КРО» және «Жетіқара» кеден бекеттерінің басшысы міндетін атқарушы, басшысы қызметінде болған. 2016 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментінде жұмыс атқарған.

2017 жылдан 2018 жылға дейін Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округінің әкімі. 2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Талғар ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болған.