Талдықорғанда жезөкшелікпен айналысатын жігіттерді ұстау сәті видеоға түсті

0

Талдықорғанда жігіттерге жыныстық қатынасты қамтамасыз еткен сутенер ұсталды.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, к риминалдық полиция басқармасына облыс орталығындағы моншалардың бірінде әкімшінің ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсететін жігіттерді ұсынатыны, яғни жігіттер жеңгетайлығымен айналысатыны туралы жедел ақпарат келіп түскен.

Жүргізілген іс-шаралар барысында ақпарат расталды және криминалдық полиция қызметкерлері монша кешенінің әкімшісі болып жұмыс істейтін 33 жастағы Талдықорған қаласының тұрғынын ұстады. Аталған дерек ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Әкімшінің өз клиенттеріне жігіттердің телефон нөмірін тікелей бергені анықталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда, ал өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

https://youtu.be/YKt0FHWqJcs