Талдықорғанда снаряд жарылып, екі адам зардап шекті

0
208

Талдықорғанда кеше түнде снаряд жарылып, екі адам зардап шекті. Оқиға шаһар маңындағы арматура зауытында болған.

Жарылыстан жарақат алғандардың екеуі де сол кәсіпорынның жұмысшылары екен. Дереу жедел жәрдеммен қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізіліп, біреуіне шұғыл түрде күрделі ота жасалған. Ал, екіншісі дәрігерлік тексеруден кейін үйіне жіберілген. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

ҚУАТ НҰРЛАНҰЛЫ ДӘРІГЕР-ХИРУРГ: «Жарылуға байланысты, жаңағы рентген снимогын жасаған кезде, бірден ішінде бөгде зат көрініп тұр. Бауырға кеп жаңағы зақымданғаннан кейін, іш құрылысындағы қанды тазалап, жаңағы дренаждарын қойып, бауыр тігіліп, бүйректі алуға тура келді. Қазіргі жағдайы орташа ауыр. Екінші науқас, ол травма бөлімінде. Жағдайы жеңіл. Оған ешқандай ота болған жоқ.

Қазір оқиға орнында саперлар тобы жұмыс істеуде. Снарядттарды темір-терсектердің арасынан теріп алып жатыр. Жақын маңға ешкімді жолатар емес. Ал, жарылысқа қатысты күштік құрылымдардың бірде-бірі ресми мәлімет берген жоқ. Тек бейресми ақпараттарға сенсек, жарылғыш заттар арматура зауытына Арыс қаласынан әкелінген екен. Көлемі де аз емес. 20 тоннадай болуы мүмкін. Оның өзінде бұл оқ-дәрілер жою жұмыстарына жіберіліпті.