Талдықорғанда өрт салдарынан бір адам қайтыс болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Өрт сөндірушілер екі кіреберіс арқылы отқа оранған үйден 40 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Олардың 14-і – бала

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір — Sputnik. Талдықорғандағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты.

Мүшелтой шағын ауданындағы бесқабатты үйдегі өрт туралы хабар 26 сәуір күні 16.02-де түсті. Бұл туралы ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Өрттің 4-қабаттан шыққаны анықталды. Өрт сөндірушілер екі кіреберіс арқылы 40 адамды қауіпсіз жерге шығарды. 14-і – бала», – деп жазылған хабарламада. 

29 шаршы метр аумақтағы өрт 16.36-да сөндірілді. Пәтерде 1949 жылы туған үй иесінің денесі табылды.

Отты ауыздықтауға Алматы облысы төтенше жағдайлар комитеті департаментінің 30 қызметкері мен 10 техникасы жұмылдырылды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз