Талдықорғанда өрт салдарынан бір адам қайтыс болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Өрт сөндірушілер екі кіреберіс арқылы отқа оранған үйден 40 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Олардың 14-і — бала

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір — Sputnik. Талдықорғандағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты.

Мүшелтой шағын ауданындағы бесқабатты үйдегі өрт туралы хабар 26 сәуір күні 16.02-де түсті. Бұл туралы ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Өрттің 4-қабаттан шыққаны анықталды. Өрт сөндірушілер екі кіреберіс арқылы 40 адамды қауіпсіз жерге шығарды. 14-і — бала», — деп жазылған хабарламада. 

29 шаршы метр аумақтағы өрт 16.36-да сөндірілді. Пәтерде 1949 жылы туған үй иесінің денесі табылды.

Отты ауыздықтауға Алматы облысы төтенше жағдайлар комитеті департаментінің 30 қызметкері мен 10 техникасы жұмылдырылды.



sputniknews.kz