Талдықорғанда ойын-сауық кешенінің иелері сегіз баланың анасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады — Қазақстан жаңалықтары

0

Талдықорғанда «Статус» ойын-сауық кешінің иелері көпбалалы анаға 3 бөлмелі пәтер сыйлады. 

 

Бұған дейін 8 баласы бар отбасының «Уйтас» саяжай бірлестігінде тұрғаны мәлім болған еді. 

«Статус» ойын-сауық кешінің иелері арнайы салтанатпен пәтер кілтін көпбалалы ана Иринаға табыстады.

«Ирина, сіз үлкен марапатқа лайықсыз. Сегіз баланың анасысыз, «Алтын алқа» иесісіз. Балаларыңыз да керемет. Сіздермен бір апта бұрын ғана таныссақ та, жақсы адамдар екендеріңізді танып-білдік Сондықтан сіздерге «»Статус» кешені атынан 3-бөлмелі үй сыйға тартамыз», — деді кешен иелері. 

Ирина бұл сәтте көз жасына ие бола алмады. Қуаныштан қатты тоқып, алғысын айтты. Ол соңғы сәтке дейін баспаналы болатынын білмеген. 

Облыстық кәсіпкерлер ұлттық палатасы өкілі Иринамен болашақта бірлесіп жұмыс істеп, бизнес жолдарын үйретендерін айтты. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

stan.kz