Талдықорғанда дүниеге келген үшемдердің отбасына үш бөлмелі үй табысталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Талдықорғанда бір ай бұрын дүниеге келген үшемдердің отбасы қоныс тойын тойлайды. Облыс әкімдігі Бауберіковтер әулетіне үш бөлмелі үйдің кілтін табыстады, деп хабарлайды Stan.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 

Алима, Алиша, Альмира есімді үшемдер – Дәурен Серікұлы мен Еңлік Қайсарованың отбасының тұңғыштары. Оларға үйдің кілтін облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев табыстады. Отбасыға коттедж қалашығынан үш бөлмелі үй берілген. Сонымен қатар нәрестелерге түрлі сыйлықтар ұсынылды.

«Үшемнің дүниеге келуі – үлкен қуаныш. Әр баланың өз ризығы бар. Бүгінгі күні Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемел саясатының арқасында әлеуметтік мәселелерге жете көңіл бөлініп, халықтың өсімі артып келеді. Үшемнің өмірге келуі Талдықорғанда осыдан 11 жыл бұрын болған екен. Енді, міне, биылғы жылы осындай зор қуанышқа кенеліп отырмыз. Сондықтан бұл үлкен оқиғаны елеусіз қалдырмай, облыс әкімі Амандық Баталов үш сәбидің ата-анасына тұрғын үй кілтін әкеліп тапсыруды маған жүктеді. Балалар үлкен азамат болып өсіп, қуаныштарыңыз ұзағынан болсын», — дейді Ақан Әбдуәлиев.

Ал перзентхана дәрігерлерінің сөзінше, сәбилердің де, анасының да денсаулығы жақсы. Үшемдер 2 300, 2 100 және 1 750 келі салмақпен дүниеге келіпті. 
 

stan.kz