Талдықорғанда білім саласын 6 жыл басқарған экс-басшының мүрдесі табылды

0

Талдықорғанның білім саласын 2016-2022 жылдары басқарған Роза Барманованың мүрдесі өзен жағасынан табылды.

Әйелдің денесін жергілікті балықшылар тауып алған.

«Әйел адамның денесінде зорлық-зомдылық белгілері жоқ. Мүрде Қаратал өзенінің маңынан табылған. Аталған факті қалалық полицияға тіркелді. Қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды», — делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарламасында.