Талдықорғанда бес сұраққа жауап берсең тегін кітап беретін аппарат орнатылды

0

2018 жылғы 21 желтоқсан 13:49 345

Талдықорғанда бес сұраққа жауап берсең тегін кітап беретін аппарат орнатылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат — Талдықорғанда Reading Zhetysu жобасы жүзеге асты. Енді кез келген оқырман қалаған кітаптарын арнайы аппараттан тегін ала алады. Бірақ ол үшін бес сұраққа жауап беруі тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кітаптар кәдімгі сусын, шоколад сатылатын «вендинг» аппаратының ішіне қойылған. Бірақ IT маманы Айбар Қасенхан құрылғының ішкі бағдарламасын толықтай ауыстырғанын айтады. Яғни, кез келген оқырман кітапты алу үшін ақша төлемейді, оның орнына бес сұраққа жауап беруі қажет. Әр сұраққа жауап беру үшін 30 секунд уақыт беріледі.  

«Арнайы аппаратқа 100 сұрақ енгіздік. Оның басым бөлігі біздің елмен тікелей байланысты. Бағдарламаны орнату үшін шамамен бір айдай уақыт кетті», — деді Айбар Қасенхан.  

Талдықорғанда бес сұраққа жауап берсең тегін кітап беретін аппарат орнатылды  

Елімізде теңдесі жоқ кітап сөресі әлемдік бестселлерлер мен отандық авторлардың туындыларымен толтырылған. Ол жерден аяқ-қолы жоқ болса-дағы әлемнің назарын өзіне аударған Ник Вуйчичтің «Тежеусіз адам», Роберт Кийосакидің «Дәулетті әке, сорлы әке», Бақытжан Бұқарбайдың «Күміс кітап», Олжас Сүлейменовтің «Азия алаулары» кітаптарын көруге болады. 

«Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру мақаласы аясында осы жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Басты мақсат тұрғындардың инттелектуалдық қызушылығын пайдалана отырып кітап оқу мәдениетін арттыру, оқырмандарды рухани байыту», — деді Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев.

Талдықорғанда бес сұраққа жауап берсең тегін кітап беретін аппарат орнатылды  

Алдағы уақытта мұндай кітап сөрелері Талдықорғанның халық көп жүретін орындары мен аудан орталықтарында орналастырылмақ.

Талдықорғанда бес сұраққа жауап берсең тегін кітап беретін аппарат орнатылды 
Талдықорғанда бес сұраққа жауап берсең тегін кітап беретін аппарат орнатылды  

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz