Талдықорғанда баланы қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен — новости Казахстана
Талдықорғанда баланы қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Тәртіп сақшылары ер адамды тұтқындады деп жазады NUR.KZ.
Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің Facebook парақшасында хабарланды.
Анықталғандай, кішкентай баланы қағып кеткен көлік жүргізушісі 1995 жылғы жігіт болып шықты. Талдықорған тұрғыны жаяу жүргіншілер жолымен келе жатқан бүлдіршінді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.
2006 жылғы балақай бірден ауруханаға жеткізілді.
Тәртіп сақшылары оқиғаға кінәлі көлік маркасын анықтап, артынан жүргізушіні тұтқындаған.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар