Талдықорғанда әкесі өгей қызын үш жыл бойы қорлаған
Талдықорғанда өгей әке қызын үш жыл бойы қорлаған. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Дүсетаев айтты, деп хабарлайды Orda.kz сайты.
Дүсетаевтың айтуынша, цифрландырудың маңыздылығы әсіресе карантиндік және шектеу шаралары кезеңінде пандемия жағдайында артты. Сонымен қатар, оларды пайдалануға қатысты қылмыстар саны артқан.
«Балалар мен кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстарды анықтауға ерекше көңіл бөлінуде. Мен бірнеше мысал келтірейін. Қараша айында, осыдан бір ай бұрын біз талдықорғандық 12 жасар қызды анықтадық. Ол бізге сейсенбі күні әкесі тиісе беретіндіктен, сенбі өзіне қол жұмсайтынын айтқан. Біз өгей қызын үш жыл бойы зорлаған әкені ұстадық» деді ол.
Оның айтуынша, тағы бір оқиға 2021 жылдың ақпанында болған. Telegram қолданушысы 2007 жылы туылған кішкентай баламен интимдік тақырыптарда хат алысқан. Ұсталған 24 жастағы Алматы тұрғыны порнографиялық суреттер мен видеолар жіберген. Қылмыстық іс сотқа жолданды.