Талдықорған тұрғынының көлігінен 20 млн теңгенің есірткісі табылды
Күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін сотталуы мүмкін .Талдықорған қаласының 34 жастағы тұрғыны көлігіне бір келі мефедронды салып алып, таратқан, деп хабарлайды Kznews.kz
Жетісу облысы полициясы «Toyota Yaris» автокөлігін тесеріп, 2 мың доза синтетикалық есірткі тауып алған. Есірткінің нарықтық құны 20 миллион теңгеге бағаланады.
«Есірткіні анықтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті қамауға алынды. Полиция есірткі заттарын өндіру, сақтау, тасымалдау және аса ірі мөлшерде өткізу сияқты заңсыз әрекеттері үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады», — делінген хабарламада.