Талдықорған тұрғынын жеке куәлігін жоғалтуына байланысты азаматтығынан айырды — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Жеке куәлігін жоғалтқан Талдықорған қаласының тұрғыны түсініксіз жағдайда Қазақстан азаматтығынан айырылды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеп.

Талдықорған тұрғынын жеке куәлігін жоғалтуына байланысты азаматтығынан айырды

Талдықорған тұрғыны 2003 жылы ішінде құжаттары болған әмиянын жоғалтып алған. Жеке куәлігін ешқандай қиындықсыз қайта жасатқан ол жақында 15 жыл бойы азаматтықсыз жүргенін білді. Бұл жағдай қалайша орын алды – ол үлкен құпия.

Индира Әзібаева Талдықорған қаласында дүниеге келген және өмір бойы осы қалада тұрып келеді. Өткен жылдың аяғында Индира төлқұжат жасатпақшы болады. Бірақ, ХҚКО-на құжаттарын тапсырған кезде, оған Қазақстан азаматшасы емес екенін хабарлаған. 

Әйелдің айтуынша, ХҚКО қызметкерлері оған жоғалған құжаттарын қайта жасату кезінде қателік болғанын айтып, түсіндірді.

«Олар: сіз 2003 жылы жеке куәлігіңізді жоғалтқаннан кейін, құжатыңыз қайта қалпына келтірілді. Бірақ, олар куәліктің жоғалу себебінің орнына, тұрақты тұру дегенді таңдаған, деп түсіндірді. Егер 2003 жылы осындай қателік жіберілсе, сонда 2004 жылы мені қалайша  жалғыз басты ана ретінде кезекке қойды. Ал 2016 жылы маған пәтер берді», — деді ол.

Ал құжаты қалпына келтірілгеннен бір жыл өткен соң Индира жеке куәлігін тағы жоғалтып алған. Бірақ, оның Қазақстан азаматшасы болмағанына қарамастан, 2006 жылы оған еш қиындықсыз жаңа құжат берген.

Шетелде ешқашан болмаған әйелді қалайша азаматтығынан айырады деген әйел сұрағына жауап таба алмаған соң полицияға арыз жазды.

Облыстық ІІБ бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ал жәбірленушіге кеңес беріліп, көмек көрсетілуде.

«Сондай-ақ, дерекқорға тиісті түзетулер міндетті түрде енгізіледі», — деді полицейлер.

Кейіннен Индира өмірінде екі рет шетелде болғанын айтты. Ол Қырғызстан мен Қорғасқа барған екен. Бірақ, ол мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде өзінің жеке куәлігін көрсеткенде, құжаты жарамсыз болып шыққан.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz