Талапкерлер грантқа түсу үшін ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады

0

Негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 28 сәуірде басталып, 14 мамырға дейін жалғасады. Мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін тестілеу 16 мамырдан 5 шілдеге дейін өтеді, — деп хабарлады ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның шешімі бойынша 2023 жылы барлық талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсыруға және ең үздік нәтижемен гранттар конкурсына қатысуға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ, олар тестілеу күнін, уақытын және орнын өздері анықтайды. Бұл ретте талапкерлер екі талпыныс үшін бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын таңдай алады.

фото: liter.kz