Талапкер ЖОО-ға құжаттарын электронды түрде тапсырады – Қазақстан жаңалықтары

0
54

Биыл қазақстандық талапкерлер оқуға электронды түрде құжат тапсыратын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Юұл туралы білім және ғылым министрінің орынбасары Рүстем Биғары мәлімдеді.

«Жыл сайын 300 мыңнан астам түлек колледж бен ЖОО-ға құжаттар тапсырады. Құжаттар пакеті фотосурет, көшірме, куәліктен және басқа да 6 құжаттан тұрады. Бұл құжаттарды жинау үшін шамамен 4 мың теңге кетеді. Жыл сайын осындай құжаттарды тапсыруға 1 мрлд теңге жұмсалады. Сонымен қатар құжаттарды барып тапсыру, кезекке тұру керек. Мұндай қажетсіз кезекке тұруды болдырмау үшін құжаттарды қабылдауды автоматтандыру керек. Биыл барлық білім беру ұйымдарына қабылдау Электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Порталда кішкене апаттық жағдай орын алғандықтан, оның қалай жүзеге асырылатынын қазір көрсете алмаймыз. Маусым айынан бастап барлық ЖОО-лар құжаттарды электронды түрде қабылдайды», – деді вице-министр.


Қазақстандағы мектептерде соңғы қоңырау маусым айында соғылады

stan.kz