Талантты жас жазушының өліміне ықтимал себептер айтылды

Марқұм Түркістан облысындағы өз үйінде көз жұмған

0
14860

Әдебиет сүйер қауымның арасында өз орны, оқырманын тауып үлгерген жазушы Аягүл Мантай 29 шілде күні таңертең қайтыс болды.

Талантты жазушының мезгілсіз бақилық болғанын құрбысы Бану Оңдасынова растады. 39 жасқа қараған шағында көз жұмған Аягүл соңғы уақытта күйзелісте болған деді ол. Бұл туралы «Азаттық рухы» жазды.

«Үш-төрт күн бұрын Алматыдан Жетісайдағы анасының қасына барған еді. Ол өміріндегі қиыншылықтарды көтере алмады. Жаны нәзік жазушы мына қатал өмірге бейім болмады. Соңғы рет «Рух» байқауына қатысқан еді. Шығармалары жүлдеге ілінбеді, оның талантын ескермеді. Оны өзіне етене жақын достары ғана қолдады. Соңғы жылдары мүлдем жұмыссыз болды.

Жазушылар Одағынан да көмек болмады. Мемлекет жас жазушыны керек қылмады. Одақ, әкімдік миллиондап әдебиеттің айналасында жүргендерге ақшаны таратқанда Аягүлді елемеді. Енді келіп қимай жатырмыз деп жоқтауда. Бар кезінде қадірін білмеді. Ресейде оқыған кезде оның талантын Мәскеудегі әдебиет қауымы өте жақсы бағалады. Ол жаққа барам дегенде, коронавирус қозып тұр деп жібермедік. Ол Мәскеудегі РУДН-ге 2013 жылы оқуға түсіп 2015 жылы бітірді. Ресейде 5 жыл тұрды. Соңғы кезде оның өміріне, жүрегіне жеке адамдар, үлкен қызметте жүрген бір адам қатты әсер етті», – деді жазушының құрбысы Бану Оңдасынова.