Таксистер мен курьерлер салық төлейді

0

Такси немесе курьерлік жеткізу қызметтерін көрсету кезінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу немесе мекемеге (басқа кәсіпкерге) жалдамалы қызметкер ретінде рәсімдеу жолымен салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеуге міндетті болады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл талаптар қазір пайда болған жоқ, бұрыннан бар, бірақ әр түрлі себептерге байланысты көп азаматтар орындамайды. Біздің ойымызша, себептердің бірі – міндеттемелерді орындауға байланысты әкімшілік рәсімдердің дайын еместігі.

Салық төлеуші үшін ең тиімдісі – «eSalyq Business» арнайы мобильді қосымша негізіндегі салық режимін қолдану. Себебі, 1 пайыздық ставкамен табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді (зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және медициналық сақтандыру) төлеу қажет» деп жазылған хабарламада.

Министрлік мәліметінше, бүгінгі күні ақпараттық жүйелерді баптау бойынша «Яндекс.такси»-мен жұмыс жүргізілуде, жұмыстар аяқталғаннан кейін азаматтар ерікті негізде пилоттық жобаға қосыла алады. Техникалық жүзеге асырудың жоспарланған уақыты – 2023 жылдың 1 шілдесі.