Такси жүргізушісінен келетін қауіп: Алматыда «ТҰМАР» белсенділері рейд жүргізді

0

Әрбір жолаушы таксиге мінгенде қауіпсіздік пен құрметке үміт артады. Алайда Алматыдағы кейбір жүргізушілер қыз-келіншектерге бейәдеп әрекеттер жасап, олардың жеке шекарасын бұзуға дейін барады. Осыған байланысты «ТҰМАР» азаматтық науқанының белсенділері арнайы рейд ұйымдастырып, мәселеге назар аударды.

«ТҰМАР» белсенділері қыздардың арнайы қосымшалар арқылы шақырылған таксилердегі сапарларын бейнежазбаға түсіріп, талдау жасады. Нәтижесінде, кейбір жүргізушілердің өздерін әдепсіз ұстап, орынсыз сұрақтар қойып, ерсі ұсыныстар жасап, тіпті есірткі ұсынғандары анықталды. Бұл жағдай жолаушы қыздарға үлкен күйзеліс әкеліп, олардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Белсенділер қоғамдағы қыз-келіншектерді үнсіз қалмауға, мұндай жағдайлар туралы полицияға арыз жазуға шақырады. Олар жүйелі түрде рейдтер өткізіп, жолаушылардың жеке шекарасын бұзуға ерік беретін жүргізушілердің әрекеттерін ашық түрде жариялау арқылы әділдікке қол жеткізуге ұмтылады.