Такси жүргізушісі жолаушыны «қазақ тілін білмегені» үшін соққыға жыққан

0
407

Алматы облысында жолаушыны ұрды деген күдікке ілінген такси жүргізушісі анықталды. Оқиғаға жолаушының қазақ тілін білмеуі себеп болған, деп хабарлайлды kznews.kz сайты «Оrda.kz» порталына сілтеме жасап.

Бұл фактіге қатысты ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болып, оған облыстық полиция департаменті пікір білдірді. Тексере келе, зардап шеккен қыз Іле ауданының полициясына ресми арыз бергені белгілі болды.

«Mitsubishi Galant автокөлігін жеке тасымалдау үшін пайдаланған 21 жастағы Іле ауданының тұрғыны анықталды. Ол Алматыдан Өтеген батыр ауылына бет алған жолаушысына шабуыл жасады деген күдікке ілінді. Қазір бұл факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің «Өзiнше билiк ету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында екі тараптың уәждері қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес қаралатын болады» деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ғаламторда тараған ақпаратта 26 жастағы жәбірленушінің 21 мамырда түн ортасында ақысын алдын ала келісіп алып, Өтеген-Батыр ауылына аттанып кеткені айтылған. Сондай-ақ, көлікте тағы екі әйел болған, олардың бірін жолда такси жүргізушісі алып кеткен.

Барлығы орысша, қазақша сөйлескен. Жәбірленуші жол ақысын шотпен төлеген, ол жол жүру ақысынан да көп болып шыққан. Яғни, келген бойда бойжеткен жүргізушіден бұрын аударған 500 теңгесін шегеруді талап еткен. Бірақ жүргізуші оны түсінбегендей кейіп танытып, қазақ тілінде диалог жүргізуді талап еткен.

Нәтижесінде жүргізуші тоқтап, оны көліктен күштеп шығарып алып, кездейсоқ куәгер полиция шақырамын деп қорқыта бастағанша ұрып-соққан. Ер адамға оның серіктерінің бірі көмектескен деген болжам бар.

Аталған факті бойынша тергеуді облыстық полиция департаменті өз бақылауына алды.