Такси ішінде аяусыз зорлаған: Үш ер адамнан төрт бала туған әйел 16 жасында көршісінен көрген қорлығы туралы айтты — Қазақстан жаңалықтары
16 жасар Айгүл Нұржанованы көршісі алдап көлігіне мінгізіп, зорлап кеткен. Анасыз өскен қаршадай қыздың тағдырындағы тауқымет бұл ғана емес. Одан соң екі рет күйеуге тиіп, үш ұл, бір қызды дүниеге әкелген. Алайда қиналған кезде тастап кеткен екі баласын қазір қолына ала алмай отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеп.
Үш ер адамнан төрт бала туған келіншек:
28 жастағы Айгүл Нұржанова үш еркектен төрт бала тапқан. 9-сыныпты бітірген кезінде оны көршісі зорлап кеткен. Діттеген жеріне жеткізіп тастаймын деп алдаған көршісі қаршадай қызды көліктің ішінде зорлап кеткен. Әкесі күндіз-түні жұмыста болып, жеңгелерінің қысымен өскендіктен, бұл туралы тіс жарып ешкімге айтпаған. Тек арадан алты ай өткенде екі қабат екені белгілі болып, жеңгелері «отбасымызды қара бет қылдың, шалға тисең де бұл үйден кет, болмаса балаңмен қосып өлтіреміз» деп кәмелетке толмаған қызды тұрмысқа береді. Сонда жүріп тұңғышы Жақсылықты дүниеге әкеледі.
Бала дүниеге келген соң, күйеуінен өткен өмірі үшін көп таяқ жеп жүрседе екінші ұлын босанады. Үшіншісіне жүкті кезінде қысымға шыдамаған ол үйінен кетіп қалады. Тұңғыш ұлын әкесі балалар үйіне өткізсе, екінші ұлын күйеуі алып қалған. Тағы да тұрмысқа шыққан ол төртінші баласын дүниеге әкелген.
Ендігі мәселе, әкесі балалар үйіне өткізіп жіберген тұңғышы мен өз еркімен тастап кеткен екінші ұлын қайтарып ала алмай отыр. Балалар үйінің жетекшісі Тұяқ Қаскенқызы баланы 18-ге толмай бермеймін деп отыр. Ал екінші ұлы қатты ауырып, дәрісіне ақша таба алмаған кезде қайын сіңлсіне асырап алуды өтінген.
«Қайын сіңлім мен қайын ағамды шақырып, «баланы асырай алмаймын, жағдайым жоқ. Сіздер асырап алыңыздардаршы. Ертеңгі күні жағдайым жақсарып жатса, қайта өз қолыма алармын» деп айттым. Олар «біз сені осы уақытқа дейін асырағанбыз. Баланы тастасаң енді көрмеймін деген қолхат жазып бересің» деді. Мен келістім. «Балаңды аман-есен өсірсін десең, бізге енді келме» деп қорқытты», — дейді Айгүл Нұржанова.
Екі баласын тастағанына өкінген ол балаларымен қайта қауышуға асық.
«Баламды білмеймін кешіреді ме, кешірмейді ме. Кешіретін шығар мүмкін. Өйткені бала деген қанша дегенмен ананы аңсайды. Өзім де анасыз өскенмін», -деп көзіне жас алды келіншек.
Өмірден теперіш көрген Нұржанова мектеп оқып жүріп мерткесін жоғалтып, уақытында қайта қалпына келтірмегендіктен әлі күнге дейін төлқұжатсыз жүр. Осы жағдайдардың барығын ескере отырып, балалар үйінің жетекшісі Тұяқ Қаскенқызы бар баласын жинап, өз қоластына келсе, адам қылып шығарамын деп отыр.
stan.kz