Тайуан өзін қорғау қабілетін әйгілейтін зымыран сынағын сәтті өткізді
Бейсенбі күні Тайуан (Тайвань) өзін-өзі қорғау дайындығы мен қуатын әйгілеу мақсатындағы зымыран сынағын сәтті өткізгенін жариялады. Бұл туралы Тайуан ақпарат құралдары хабарлады.
Тайуан Ғылым академиясы аталған сынақты бейсенбі күні таңғы сағат 05:30 шамасында өткізген. Қорғаныс тараулары бұл рет сәтті сыналған зымыран осыған дейінгі «Niangong-3» немесе «Патриот» атты зымырандардан әлдеқайда қуатты екенін айтты.
Соңғы жылдары, ресми Бейжің билігі Тайуанды дербестікке ұмтылып жатқанын сынға алып келеді, әрі Тайуан билігіне түрлі қысымдар мен үркіту-қорқыту әрекеттерін бағыттады. Сол негізде Халық азаттық армиясының өсіп келе жатқан қуатын әйгілеу мақсатында және керек болған жағдайда қарулы күш қолдана алатынын дәлелдеу мақсатында Тайуан аралына жақын маңда және Тайуан бұғазында түрлі әскери оқу-жаттығулар тебінін арттырды.
Бұған қарсы Тайуан қорғаныс күштері де өзін қорғау қабілетін әйгілеу мақсатында зымыран сынақтарын өткізді. Осыған дейін сынақтан өткізген «Niangong-3» немесе «Патриот-3» зымыран қорғаныс жүйелері қарсыластың баллистикалық зымырандарын ұстауға қабілетті екенін дәлелдеген болатын. Сондай-ақ, екі жағалау айтарлықтай ассиметрия жағдайына тап болып жатса, Тайуан қорғаныс күштері «Асимметриялық соғыс» жағдайын толық жүзеге асыра алатынын, шектеулі әскери мүмкіндіктерін қолдана отырып, жағалаудағы әуежайларды, әуе базалары мен маңызды әскери
Айталық, биыл маусым айында Тайуан қорғаныс күштері бір шағын балықшылық портынан «Tiangong-2» зымыранын ұшырып, оны «Патриот-3» зымыран қорғаныс жүйесі арқылы сәтті ұстай алған еді. Құрама Штаттарда өндірілген «Патриот3» зымыран интергеторлық зымырандарының ең жаңа түрі саналады.
Сонымен бірге, Тайуан билігі АҚШ-тан озық қорғаныс жабдықтарын сатып алуға және өз қорғаныс мүмкіндіктерін нығайтуға тырысып келеді.