Тайландта ресейлік азаматқа 4 рет оқ атқан қазақ азаматы ұсталды
Таиланд полициясы ресейлік азаматты өлтіруге оқталған Қазақстан азаматын ұстады, — деп хабарлайды Kznews.kz порталы Arbat.media сайтына сілтеме жасап.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның тумасы, 49 жастағы Артур Легай Ресей Федерациясының азаматы Дмитрий Алейниковтың көлігінің алдыңғы әйнегіне 4 рет оқ атқан. Алейников кеуде және қол жарақаттарымен ауруханаға түсті.
Ол Пхукет халықаралық әуежайындағы билет кассасында ұсталған.