тайфуннан көз жұмғандардың саны 85-ке жетті

0
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

309 0 0

Көп жағдайда адамдар қатты жауын-шашын салдарынан құлаған үйлердің астында қалып көз жұмған

АСТАНА, 2 қаңтар — Sputnik. Филиппинде Усман дауылы кезінде көз жұмған адамдардың саны сексен беске жетті. Тағы 20 адам із-түссіз жоғалғандар тізімінде, деп хабарлайды Reuters.

Апат бойынша ұлттық агенттік басшысы Рикардо Джаладаның айтуынша, адамдар жауын-шашын салдарынан құлаған үйлердің үйіндісі астында қалып өлген. Жапа шеккендер арасында кішкене балалар да бар. Бәрінен көп Бикол мен Шығыс Висайи провинцияларына зиян келген.

«Егер біз із-түссіз жоғалғандарды таба алмайтын болсақ немесе олардың мәйітін тапсақ, жапа шеккендердің саны 105-ке жетеді. Бұлай болмайды деген үміттемін», — деді Джалад.

Орташа есеппен жыл сайын Филиппинде 20 тайфун соғады. 2013 жылғы Хайян тайфунынан кейін шамамен 7 400 адам көз жұмып, із-түссіз жоғалды.

Осы уақытқа дейін Филиппинде 60-тан астам адам көз жұмып, 17 адамның із-түссіз жоғалғаны хабарланды. Кейбір аудандарда су деңгейі үйлердің шатырынан асқан.

29 желтоқсан күні Филиппин жағалауында жер сілкініп, магнитудасы 7,2 балға жетті.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/