Таяу Шығыста тарихта бұрын сонды болмаған 70 градус ыстық тіркелді

0
408

Кувейтте күн сәулесіндегі ауа температурасы Цельсий бойынша 70 градусқа дейін көтеріліп, көлеңкеде 53,3 градус жылу тіркелді, деп хабарлайды KzNews ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бұл Таяу Шығыстың эмиратындағы соңғы 70 жылдағы ең ыстық жаз екені атап өтілді. Бұл экстремалды температура Кувейттің тропикалық орналасуымен, сондай-ақ Үнді мұхитындағы тропикалық циклонның маусымдық Үнді депрессиясымен байланысты.

Парсы шығанағында жаз – дәстүрлі түрде атмосфералық қысым мен үнділік маусымдық депрессия арасындағы үлкен айырмашылыққа байланысты қатты желдің маусымы болып табылады. Ғалымдар эмираттағы жазғы орташа температура 50 жылда 60 градусқа жетуі мүмкін деп санайды.

Сонымен бірге Кувейттің азаматтық авиацияның жалпы әкімшілігінің жанындағы метеорология департаменті 53 градус ыстықты растаған жоқ. Синоптиктердің айтуынша, әңгіме машиналардағы термометрлердің Цельсий бойынша 70 градусқа дейін көрінуі мүмкін екендігі туралы болып отыр.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты