Таиландта судың үстіне үй салған ерлі-зайыпты өлім жазасына кесілуі мүмкін — Қазақстан жаңалықтары

0

Америка азаматы сүйіктісімен бірге Таиландта өлім жазасына кесілуі мүмкін. Олар тай суларының аумағында үй салғандары үшін айыпталды, деп жазады Stan.kz.

Таиландта судың үстінен үй салған ерлі-зайыптыларға өлім жазасына кесілу қаупі төнді

Таиландта үй салған Чад Элвартовский мен оның дос қызы Супрани Тепетт енді жасырынуға мәжбүр болып отыр. Таиландтың әскери-теңіз күштерінің айтуынша, олар елдің егемендігіне қауіп төндіруде.

Жанжалдың себебі, су бетінің үстінен 20 метрлік платформада салынған үй болып отыр. Таиланд әскери-теңіз күштері теңізден қалқып тұрған бетон құрылысты кездейсоқ тауып алған, бірақ олар онда барғанда ішінде ешкім болмаған.

Таиланд билігінің айтуынша, үй Пкухет жағалауынан 19 шақырым қашықтықта орналасқан, бұл дегеніміз – үй елдің аумағына кіретін суда тұр. Бірақ америкалық азамат үйінің жағалаудан 13 миль қашықтықта орналасқанын айтады. Яғни, ол аумақ мемлекеттік заңи хұкімге жатпайды.

Енді басы қатқан әскерилер қалай әрекет ету керектігін анықтау үшін жергілікті билік өкілдерімен кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Ал, Таиланд әскери-теңіз күштері судың үстінен үй тұрғызған ғашықтар әлгі үйдің құрылысын бастамас бұрын биліктен рұқсат алған емес дейді. Егер Чад Элвартовский мен оның сүйіктісін елдің егемендігін бұзды деп табатын болса, олар өмір бойына бас бостандықтарынан айырылады немесе тіпті өлім жазасына кесіледі.

Олар мұны не үшін салды?

Элвартовский бұған дейін АҚШ-та әскерде бағдарламалық инженер болып жұмыс істеген. Кейіннен ол биткоинге инвестиция жасай бастаған. Оның үстіне ерлі-зайыптылар халықаралық сулардағы үйлердің құрылысы деп аталатын «теңіз жағалауы» қозғалысының құрамында. Сондықтан олар қандай да бір  мемлекеттің заңдарына бағынбайды.

Олар тіпті, осындай үйлердің құрылысын қаржыландыратын Ocean Builders кәсіпкерлер тобының қатарында. Ал жанжал туған бұл үй осы айда салынған, бірақ жағалау күзетшісі үйді осы аптада бір-ақ көрген.

Ocean Builders-тің ресми парақшасында жарияланған мәлімдемеде ерлі-зайыптылардың үйді өздері тұрғызбағаны және олардың іс жүзінде жалға алушылар екені жазылған.

Олар жағалауда бірнеше апта демалды да, енді өздерінің әрекеттерін құжаттап алды. Олар жобаға мүлде қатыспаған», — делінген Ocean Builders-тің ресми парақшасындағы баяндамада. 

Ал Элвартовскийдің өзі журналистерге әйелі екеуінің қазір қауіпсіз жерде отырғандарын айтты.

Мұндай құрылыс қаншалықты кеңінен таралған?

Өкінішке орай, халықаралық суларда салынған үйлердің нақты саны белгісіз. Бірақ микро-мемлекеттер (шағынмемлекет) деп аталатын бастамалар бойынша салынған осындай құрылымдар туралы белгілі бірнеше мысалдар бар.

Шағынмемлекет – бұл басқа үкіметтер мойындамаған, бірақ өздерінің егемендігін жариялаған адамдар бірлестігі. Олардың ішінде ең  танымалдысы – Солтүстік теңіздегі тастанды  мұнай платформасында салынған Sealand шағынмемлекеті. Оның өз жалауы, валютасы және тіпті футбол командасы бар.

Австралияға жақын жерде де бірнеше бейресми және танылмаған шағынмемлекеттер бар. Олардың ішінде Перт қаласынан солтүстікке қарай 500 шақырым жерде орналасқан Hutt River Province шағынмемлекеті. Онда да өз өздерінің жеке валютасы және туы бар.

Ал Израильдің солтүстігіндегі Akhzivland шағынмемлекетінде 50 жылдан бері екі-ақ адам тұрады. Яғни, өткен жылы, осы мемлекеттің негізін қалаушы және президенті Эли Авиви қайтыс болғанға дейін осылай болды.

 

stan.kz