«Тағы екі сарбаз». Қарағанды облысының әскери бөлімінде қайғылы жағдай болды
Қарағанды облысындағы Приозерск пен Шахтинск қалаларында сарбаздар өз өмірлерін қиды.
Бұл туралы @egovpress telegram парақшасында айтылды.
Кейбір дереккөздер Приозерск қаласында ҚР Қорғаныс министрлігінің № 06708 әскери бөлімі аумағында қызмет аяқталғанға дейін 14 күн қалған мерзімді қызметтегі солдат Жеңіс Ахметжановтың атылып кеткенін хабарлайды. Оның үстіне Шахтинск қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі өз өмірін қиды. Ведомстволарда хабарлағандай, әскери қызметшілер отбасы жағдайына байланысты осындай шешім қабылдады, деп айтылды Telegram парақшада.