«Тағы да нәсіп етті»: Төреғали Төреәлінің қарындасы екінші сәбиін дүниеге әкелді
Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі екінші сәбиін дүниеге әкелді.
Бұл қуанышты жаңалықты ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Қош келдің өмірге, балапаным. Көп күттірмей Аллам тағы да ата-ана атануды нәсіп етіпті. Тілеп, күтіп жүрген барша жанға жұғысты болсын! Құттықтауларыңызды қабылдаймыз», — деп жазды ол.
фото: әлеуметтік желіден