«Тагы да бырдене дедын»: «Ұйқым келмейді» әнінің сөзі көптің ашуын тудырды

0

Алина Шакиева орындауындағы “Ұйқым келмейді” әні халық сынына ұшырады.

Бейнебаян «Той — думан» арнасында 11 шілде күні жарыққа шыққан. Желі қолданушылары әннің мәтінін де, орындаушының қазақ тіліне шорқақ екенін де сынға алды.

«Ана «тагы да бырдене дедын» дейтін қыздың әнін студия жазғандар да, клипін түсіріп монтаждағандар да нағыз троль шетінен», «Мынаның әнін жазып, клипін түсіріп, оны каналға өткізді де, ақшасын алып, телефондарын ауыстырып қашып кетті бәрі», «Ал той-думан арнасы мына әнді шығарғаны үшін кемі екі жылдық бюджетінің ақшасын алмаса, онда білмеймін, таза сорлы болғаны….», – деп пікір білдірді желі қолданушылары.