Тағы бір шулы ұсталу: Жамбыл облысының экс-әкімі ұсталды

0

«BAZIS CONSTRUCTION» — «INFR» ЖШС филиалының директоры Андрей Поплавскийден шамамен 800 мың доллар көлемінде пара алу кезінде «ҚР ТЖМ Казселезащита» мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкірекбаев ұсталды.

Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Әзірге жауапты органдар ресми түсініктеме берген жоқ.

65 жастағы Көкірекбаев бұған дейін әртүрлі қызметтерді атқарғанын еске саламыз. Кезінде ол табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, «ЭйрҚазақстанТур» ЖШС бас директоры, тасымалдау процесі жөніндегі басқарушы директор және «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері, 2013 жылдан 2018 жылға дейін Жамбыл облысының әкімдігін басқарған.

Сонымен қатар Көкірекбаевтың дипломатиялық мәртебесі де бар. Ол бір жарым жыл Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі болды.

Кәрім Нәсбекұлы қазіргі қызметіне 2019 жылдың тамыз айында тағайындалған.