Тағы бір қазақ қызы африкалыққа кетті (ВИДЕО)

0

Ғаламторда африкалық азаматқа тұрмысқа шыққан тағы бір қазақ қызының видеосы пайда болды. Ұзату тойында екі жасқа туыстары тілек айтып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz сайты Экспресс К порталына сілтеме жасап.

Ұзату тойының видеосы Instagram-дағы zhestkz_news парақшасында жарияланды.

Онда төрде отырған екі жасқа той қонақтары ақ жол тілеп, баталарын беріп жатыр. Африкалық күйеу баланың нақты қай елден келгені және ұзату тойының еліміздің қай өңірінде өткені әзірге белгісіз. Ал желі қолданушылары әдеттегідей түрлі пікір қалдырған.

«Негрге шығу мода болды», «Тағы да қазақ қызы басқаға кетті», «Ақшасы көп болған соң барған шығар», «Намыстарың жоқ екен», — деп пікір қалдырған желі қолданушылары.