Тағы бір қазақ боксшысы қарсыласын нокаутқа жіберіп, чемпион болды

0
68

Қазақстандық нокаутер кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жекпе-жегінен кейін чемпиондық белбеуге қол жеткізді

АҚШ-тың Тампа қаласында қазақстандық боксшы Бабыржан Момыновтың (10-0, 8 КО) чемпиондық белбеуі таныстырылды, деп хабарлады Sports.kz.

Ұлттық бокс қауымдастығының президенті (NBA) Дэймон Гонсалес ұйымның штаб-пәтерінде Момыновқа орта салмақтағы NBA Intercontinental чемпионы белбеуін тапсырды. Бұл белбеуді Бабыржан өткен жылдың қыркүйегінде Ақтөбеде грузин Анзор Гамгебелиді (31-28-3, 16 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіп алған еді. Дегенмен белбеу иесіне енді ғана табысталып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 23 наурызда АҚШ-тың Коста-Меса қаласында Момынов америкалық Джонатан Стилді (9-3-1, 6 КО) алты раундтың қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен ұтқан болатын, алайда бұл титулдық жекпе-жек болмады.

sputniknews.kz