Тағы бір қайырымдылық қорының былығы әшкереленді

0

Бұл туралы журналист Гүлмира Абықай өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

«Елге көмек» деп аталатын қайырымдылық қорының парақшасында 390 мыңнан аса жазылушы бар. Қор халықты алдап, ақшаны өз пайдасына жұмсайтыны анықталды.

Мысалы көшеде көмек сұрап отырған арбадағы үлкен кісіні алдаған. Үй алып береміз деп видео түсіріп, халықтан ақша жинаған. Соңында жинаған ақшасы бойынша өтірік есеп беріп, қарт кісіні жалдамалы пәтерге отырғызып кеткен.

«Елге көмек» қайырымдылық қоры «осы апаға үй алып берейік, бір қазақ үйлі болсын» деп видео түсірді. Бәріміз сендік. Кейін «апаға үй алдық, осынша ақша жиналды» деп есеп берді. Апаны 3-4 ай көрмедік. Бірақ бір күні тағы қайыр сұрап отырғанын көрдім. Жанына барып «апа, үйіңіз бар, неге тағы шықтыңыз?» деп сұрадым. Ол кісі бәрінің өтірік екенін айтты», — дейді алматылық келіншек.

Қор мүшелері «Апаны емдеттік» деп те айтқан. Бірақ апаның айтуынша, мүлдем емдетпеген екен. Бәрін контент үшін жасаған. Поликлиникаға да видео үшін кіріп шыққан екен.

«Қайырымдылықты миллионерлер емес, қарапайым пәтерді жалға алып тұратын, бір жұмысы бар азаматтар жасайды», — деді журналист.

фото: caravan.kz