Тағы бір академик ғалым қайтыс болды

0

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ауыл шараушылығы министрлігі жанындағы Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына еншілес Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Сапаров Абдулла Сапарұлы дүниеден озды.

Бар ғұмырын ауыл шаруашылығына арнаған Абдулла Сапарұлы 2003-жылдан бері Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының бас директоры қызметін атқарды.

Абдулла Сапарұлы бар саналы ғұмырын топырақ жамылғысының қазіргі жағдайын зерттеуге, минералды қоректік заттарды (тыңайтқыштарды) оңтайлауға, топырақтың құнарлылығын сақтау, оны жоғарлату және ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруға арнай отырып, бірталай жетістіктерге қол жеткізді.

Абдулла Сапарұлы ауыл шаруашылығы саласында орны айырықша, білімі телегей дариядай асқар ғалымдардың бірі әрі бірегейі еді.

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының ұжымы аса қадірлі Абдулла Сапарұлының отбасы мен туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтып жатыр.