«Тағы ана атанармын»: Жазира Байырбекова сәби қалайтынын жасырмай айтты — новости Казахстана

0

Кішкентай сәбиді иіскеп тұрып суретке түскен отандық танымал жұп Жанболат пен Жазира көпшілікті сүйсіндірді. Әнші Байырбекова тағы да ана атанғысы келетінін жасырмай айтып, өз арманымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазбек есімді ұлды тәрбиелеп отырған жұлдызды жұп өз жанұяларында іңгәлаған сәбидің болғанын қалайды екен.

Бұл туралы Жазира Байырбекова өзінің желідегі парақшасында мәлім етті.

«Аллам бәрін өзі реттейді. Ештеңе себепсіз болмайды. Бұйыртып, бұйыртпай жатқандарының түбінде қайыры бар.

Біздің үйде де болашақта осындай сәбилер іңгәлайды. Өзім тағы ана атанармын немесе Қазекем үйленіп, келінім ұрпағымызды көбейтер.

Аллаға сенемін, армандай беремін… Армансыз күнім болмайды», — деп жазды әнші.

Желі қолданушылары болса, «ең бастысы ниет» екенін алға тартып, жағымды пікірлерін қарша жаудырды.