тағы 92 адамнан инфекция табылды

0

Соңғы тәулікте Атырау облысында 92 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды: олар науқаспен қарым-қатынаста болғандар немесе Теңіз кен орнында қауіп-қатер тобы ретінде демобилизация алдында тестілеуден өткен адамдар

АЛМАТЫ, 13 мамыр – Sputnik. Атырау облысында бір күнде 92 науқастан коронавирус инфекциясы табылғаны жайлы мәлімет пайда болды.

Науқастың барлығы – Теңіз кен орнындағы мердігерлік ұйымдардың қызметкері, деп хабарлады аймақтағы жедел штаб сайты.

«Теңіз кен орнында жұмыс істейтін мердігер ұйымдардың 90 қызметкері инфекция жұқтырды. Атап айтқанда, олардың 83-і – ер адам және жеті әйел», – делінген сайтта.

Сонымен қатар Атыраудың екі тұрғынынан COVID-19 табылды.

«Бұл инфекция жұқтыруы мүмкін деген топтағы адамдар: 52 жастағы әйел және 27 жастағы ер адам.  Олардың байланыста болған тұлғалар анықталады, жұқтыру ошақтары дезинфекцияланады», – деп хабарлады жедел штаб.

Теңіздегі коронавирустың өршуі

Жедел штабтың мәліметіне қарағанда, Теңіз кен орнында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 17 ошағы бар.

«Бұл жұмысшылар тұратын вахталық ауылдар», – деп нақтылады жедел штаб.

Науқастармен байланыста болған және байланыста болуы мүмкін адамдардың саны екі мыңнан асады. Олар қазір карантиндік стационарларда жатыр.

Коронавирус барлығы 359 жұмысшыдан табылды, оның 64-і сауығып шықты.

Мердігер ұйымдардың 16 200 мың қызметкері қысқартылды. Қалған 800 жұмысшыны алдағы күндері шығару жоспарланып отыр.

«Соңғы тәулікте 92 науқас тіркелді. Барлығы инфекция жұқтырған науқастармен байланыста болған, сондай-ақ тәуекел тобы ретінде демобилизация алдында тестілеуден өткен адамдар», – деп нақтылады тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Алмагүл Көшкінбаева.

Сонымен қатар ол ауру симптомсыз өтіп жатқандарға арналған 80 адамдық стационардың бар екенін айтты.

«Ол жерде қазір COVID-19 талдауының нәтижесі оң болған 35 науқас бар», – деді ол.

11 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында 432 адамнан коронавирус табылды, оның ішінде 126 адам жазылып шықты.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз