Тағы 44 адамнан коронавирус табылды
Республикада тағы қырық төрт адам індетке шалдықты, науқастардың ең көбі Алматы қаласында тіркелген
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2835 адамға жетті, деп хабарлайды мемлекеттік комиссияның жедел штабы.
«27 сəуір сағат 18:05-тегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 44 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 8, Алматы қаласында – 28, Жамбыл облысында – 1, Түркістан облысында – 4, Алматы облысында – 3», — делінген хабарламада.
Осылайша елімізде коронавирус барлығы 2835 адамда расталды.
- Алматы – 876,
- Нұр-Сұлтан – 537,
- Қызылорда облысы – 182,
- Шымкент – 175,
- Қарағанды облысы – 128,
- Атырау облысы – 123,
- Батыс Қазақстан облысы – 122,
- Түркістан облысы – 115,
- Жамбыл облысы – 106,
- Павлодар облысы – 105,
- Алматы облысы – 100,
- Ақмола облысы – 93,
- Ақтөбе облысы – 57,
- Қостанай облысы – 43,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30,
- Маңғыстау облысы – 27,
- Шығыс Қазақстан облысы – 16.
sputniknews.kz