Тағы 36 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды

0

Бүгінге дейін республика бойынша коронавирус індетіне шалдығып, тиісті ем қабылдау нәтижесінде жазылып шыққандар саны 1 173 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы таратқан мәлімет бойынша Қазақстанда 39 адамның инфекция жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 39 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 5, Алматы қаласында – 18, Қостанай облысында – 3, Атырау облысында – 4, Павлодар облысында – 2, Қарағанды облысында – 2, Алматы облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1, Ақтөбе облысында – 3», – делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 4 160 адам анықталды. Олардың ішінде:

  • Алматы қаласында – 1 353;
  • Нұр-Сұлтан қаласында – 728;
  • Қызылорда облысында – 216;
  • Шымкент қаласында – 215;
  • Атырау облысында – 206;
  • БҚО – 198;
  • Ақтөбе облысында – 163;
  • Қарағанды облысында – 161;
  • Жамбыл облысында – 158;
  • Алматы облысында – 157;
  • Түркістан облысында – 154;
  • Павлодар облысында – 152;
  • Ақмола облысында – 101;
  • Маңғыстау облысында – 85;
  • Қостанай облысында – 53;
  • СҚО – 30;
  • ШҚО – 30.

Бүгінге дейін республика бойынша коронавирус інжетіне шалдығып, тиісті ем қабылдау нәтижесінде жазылып шыққандар саны 1 173 адамға жетті. Ал аталған індет салдарынан көз жұмғандар саны 29.



sputniknews.kz