Тағы 314 адам індетке шалдықты: елімізде науқастар саны көбеюде

0

Бүгінгі дейін елімізде 8 593 адам дертінен сауығып шықса, 67 науқас індет салдарынан көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Қазақстанда тағы 314 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны расталды. Жалпы ел бойынша науқастар саны 13 872 адамға жетті, деп хабарлайды жедел штаб.

«Өткен тәулікте республика бойынша індетке шалдыққандардың саны 314-ке жетіп, өсім 2,3% құрады», – делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

  • Қарағанды ​​облысы — 52 (4,0%);
  • Нұр-Сұлтан қаласы — 50 (1,9%);
  • Ақтөбе облысы — 48 (10,8%);
  • Алматы қаласы — 48 (1,6%);
  • Шымкент қаласы — 29 (2,8%);
  • Алматы облысы — 20 (4,3%);
  • Батыс Қазақстан облысы — 15 (1,7%);
  • Атырау облысы — 14 (1,1%);
  • Маңғыстау облысы — 11 (3,1%);
  • Шығыс Қазақстан облысы — 9 (4,2%);
  • Жамбыл облысы — 5 (1,1%);
  • Түркістан облысы — 4 (1,0%);
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 4 (5,6%);
  • Ақмола облысы — 2 (1,1%);
  • Павлодар облысы — 2 (0,7%);
  • Қостанай облысы — 1 (0,5%).

Бүгінге дейін 8 593 адам дертінен сауығып шықса, 67 науқас індет салдарынан көз жұмды.



sputniknews.kz