Тағы 3 өңірде мектептегі оқу тоқтатылды

0
56

Ауа райының бұзылуына байланысты тағы үш өңірде мектеп оқушылары онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында -27 градус аязға байланысты 0-9 сынып аралығындағы (бірінші ауысым) мектеп оқушылары қашықтан оқитын болады.

Қарағанды қаласы білім бөлімінің мәліметінше, боранға байланысты бірінші ауысымның 0-11 сыныптарындағы сабақтар тоқтатылып, қашықтан өткізіледі.

Сондай-ақ бүгін Ақмола облысының Көкшетау қаласында бірінші ауысымдағы 1-11 сынып балалары қашықтан оқиды.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында мектеп оқушылары онлайн оқуға көшірілген болатын.

Синоптиктер 25-27 ақпан аралығында еліміздің басым бөлігінде аяздар сақталатынын ескертті. Сондай-ақ жекелеген өңірде қар жауып, боран соғатыны айтылды.