Тағдырдың жазуымен үш рет босаға аттаған отандық жұлдыздар кімдер? (фото)
Елге танымал отандық жұлдыздардың өнерде бағы жанса да, өмірде жолы болмай жататын кездері болады. Тағдырдың сынағына мойымай, бірнеше рет босаға аттап, бақытқа ұмтылған шоу-бизнес өкілдері жайлы NUR.KZ порталы ұсынады.
Бұл тізімде әнші Ақбота Керімбекова көш бастап тұр. Өткен жылы өзінен кіші жігітке тұрмысқа шыққан әртістің биылғы жылы ажырасып кеткені жайлы қауесет тарады.
Әншінің өзі бұл ақпаратты ресми түрде растамағанымен, өзіне «күйеудің бақыт емес екенін», «тағдырдың жазуына көнетінін» жиі айтып жүр.
Айта кетейік, Керімбекованың алғашқы некесінен үш ұлы бар.
Елімізге танымал ақын, 200-ге тарта хит әннің сөзін жазған Құрманай Бақтиярқызы да тағдырдың жазуымен үш рет отбасын құрған.
Жеке өмірі жайлы ақпаратты құпия ұстайтын ақын бар шындығын «Ойбай Life» бағдарламасында жайып салды.
Тіпті Құрманай Бақтиярқызы желідегі парақшасында өзінен 12 жас кіші күйеуін көрсеткен болатын. Алайда оқырмандардың шуынан соң, ол суретті өшіріп тастады.
Актриса, модель Айнұр Нұрсейітова өміріндегі кедергілерге қарсы тұрған нәзік жандылар қатарында. Екі рет ажырасқан жеке кәсіпкер бүгінде үшінші рет күйеуге шыққан.
Бірақ актрисаның үшінші ата-енесі ұлдарының екі рет келін атанған әйелге үйленуіне қарсы болған.
Айта кетейік, Нұрсейітованың бірінші некесінен бір ұлы бар. Сондай-ақ, үшінші некесінен бір қызы бар.
Естеріңізге сала кетейік, отандық әншілердің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан жүктей аласыздар.