Табыстарын жасырып, жәрдемақы алған көп балалы аналарға қатысты сот үкімі шықты — Қазақстан жаңалықтары
Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі табыстарын жасырып, жәрдемақы алды деп айыптаған бірнеше көп балалы аналарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап.
Сотқа шақырылғандар — әскери қызметкерлердің жұбайлары. Өткен жылдың соңынан бері бірнеше рет сот отырысы өткен.
Көпбалалы аналар жәрдемақы тағайындалатын кезде, баспана жалдап тұруларына мемлекет тарапынан берілетін қаржатты бастапқыда табыс деп есептемегенін дәлелдеп шықты.
«Жәрдемақыны қайтару бойынша талап-арыз қанағаттандырусыз қалдырылды. Себебі, әскери қызметкерлердің баспана жалдап тұруна берілетін мемлекет төлейтін қаражат кіріс болып санлмайды», — дейді Өскмен қаласының №2 сотының судьясы Азат Дәменов.
stan.kz