Табиғи монополия субъектілеріне 35,2 млрд теңгеге несие берілген

0
19 Қараша 2018, 11:02 158 0

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде кезекті үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 2018 жылы барлық қаржыландыру көздерінен шамамен 792 млрд теңге көзделген. Ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы мәлімет бойынша қазіргі таңда 411 млрд теңге немесе соманың 52% игерілді. Сондай-ақ, республикалық бюджеттен 439 млрд теңге қарастырылған болса, оның 335 млрд теңгесі немесе 76% игерілді», — деген Дәленов игеру қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Бірінші вице-министрдің ақпаратына сәйкес, бағдарлама аясында 25 автожол жобасы іске асырылуда. Жалпы 4,6 мың км жолды құрылыспен және реконструкциялаумен қамту және жыл қорытындысы бойынша 528 км пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Бүгінгі таңда 805 км теміржолға күрделі жөндеу жүргізілді. Қостанай облысында ұшу-қону жолағын реконструкциялау жүргізілуде және Семей қаласының ұшу-қону жолағын реконструкциялау аяқталды. Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бойынша ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар қаржыландыру жоспарына сәйкес табиғи монополиялар субъектілеріне 35,2 млрд теңге мөлшерінде бюджеттік несие берілді. Бұл қаржыландыру жоспарының 100% құрайды. Табиғи монополиялар субъектілері 17,5 млрд теңге игерді. 2018-2019 жылдарға жоспарланған 290,6 км желілердің 118,4 км салынды», — деді ҰЭМ өкілі.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ