Табиғи косметика БегімСұлу нағыз бренд – BegimSulu

0

BegimSulu компаниясының өнімдері және оның құрамы, адамға пайдасы туралы ақпараттар.

  1. Маскалар

Роза гүлі маскасы

Беттің су теңгерімін қалпына келтіріп, нәрлендіреді, су және май құрамын теңестіреді. Қабынуға, қартаюға қарсы әсерге ие. Беттегі дақтар мен әжімді азайтады. Бет жасушаларын тірілтеді. Бетті ажарландырады. Маска құрғақ, қалыпты және нәзік теріге арналған.

Құрамы: роза гүлі, роза гүлінің гидролаты,  роза гүлінің сығындысы, гиалурон қышқылы, теңіз балдыры,  шөптер сығындысы т.б

 

Лаванда маскасы

Майлы бетке арналған маска. Беттегі бөрткен және безеулерді кетіреді. Бөрткен, безеуден қалған дақтарды кетіруге көмектеседі. Т формадағы беттерге арналған. Бет терісін тыныштандырады, сезімталдықты басады. Маска майлы, ортақал және жетілген терілерге ұсынылады.

Құрамы: лаванда гүлі, лаванда гүлінің гидролаты,  лаванда гүлінің сығындысы, гиалурон қышқылы, алоэ сығындысы, шөптер сығындысы т.б

 

Календул маскасы

Бетті нұрландырады және серпінділігін арттырады. Қартаюдың алдын алады. Терінің босауынан сақтайды. Тері тесіктерін(пор) жинайды. Тері жарақаттарының тез жазылуына көмектеседі. Суды толықтырады және аллергияға қарсылық қуаты бар.

Құрамы: қырмызы гүлі, қырмызы гүлінің гидролаты,  қырмызы гүлінің сығындысы, гиалурон қышқылы, алоэ сығындысы, шөптер сығындысы т.б

 

Ромашка маскасы

Жасөспірім шақтағы безеу мен бөрткенді кетіруге, терінің сезімталдығын басуға, беттегі қызыл тамырларды азайтуға, терінің қарсылық қуатын арттыруға көмектеседі. Күнге күйген терінің қызаруын басады. Терінің сепінділігін арттырып, терінің құрғауын және түлеуін, қышуын басады.  Тек тапсырыспен ғана жасалынады.

Жасмин маскасы

Бет терісінің суын толықтырып, бет жасушаларын тірілтеді. Әжімді кетіруге көмектеседі, қартаюға қарсы. Жүзіңізге балғындық сыйлайды. Май құрамын басып, беттің тесіктерін жинайды. Күнге күйген теріні қалпына келтіру әсері бар.  Кез-келген типтегі теріге арналған.

Құрамы: жасмин гүлі, жасмин гүлінің гидролаты,  жасмин гүлінің сығындысы, гиалурон қышқылы, алоэ сығындысы, шөптер сығындысы т.б

 

Маска Гиалурон қышқы

Рөлі: Бет жасушаларын тірілтеді. Су толықтайды, терінің салбырауын алдын алады, ажарландырады, бетті ылғалдандырып, ұсақ әжімдерді азайтады. Беттегі май мен судың тепе теңдігін қалпына келтіріп зақымдалған теріні қалпына келтіреді.

Құрамы: гиалурон қышқылы, коллаген,  теңіз балдырының сығындысы, кактус сығындысы, қияр сығындысы,алоэ сығындысы, женьшень сығындысы, tremella сығындысы т.б

 

 

2.Тонер

Тонер (құрғақ)

Құрамы: роза гидролаты, алое сығындысы, теңіз балдыры сығындысы, амино қышқылы, коллаген, гиалурон қышқылы және т.б

Рөлі: Құрғақ теріні ылғалдандырады, ылғалдықты сақтайды. Әжімнің пайда болуынан сақтайды және ұсақ әжімдерді кетіруге көмектеседі. Беттің сезімталдығын басады, беттің қышуы, қабыршықтануы, құрғауын басады. Қабынуға қарсы рөлі бар.

Қолдану әдісі: тазартылған бетке таңертең-кеш 10см аралықта ұстап тұрып шашылады. Қажет болса одан да көп пайдалануға болады.

Ұсынылады: Құрғақ және орташа, сезімтал тері типтеріне ұсынылады.

 

Тонері (майлы)

Құрамы: лаванда гидролаты, алое сығындысы, женьшень сығындысы, амино қышқылы, витамин Б6, гиалурон қышқылы және т.б

Рөлі: Майлық құрамның тепе-теңдігін сақтайды. Теріні тыныштандырады және теріні жинады. Тері қабынуын басады, жасушалардың жаңаруын жетілдіреді, зақымдалған бет терісін қалпына келтіреді. Безеу, бөрткен және дерматитке жақсы көмекседі.

Қолдану әдісі: тазартылған бетке таңертең-кеш 10см аралықта ұстап тұрып шашылады. Қажет болса одан да көп пайдалануға болады.

Ұсынылады: Майлы және жетілген, аралас, безеуі бар тері типтеріне ұсынылады.

 

 

  1. Лосьон

Лосьон  (құрғақ)

Құрамы: жожоба майы, өрік майы, арган майы, роза гидролаты, витамин Е, витамин Б5, коллаген, гиалурон қышқылы

Рөлі: Құрғақ терінің су құрамын толықтырады, су теңгерімінің азаюын сақтайды, теріге балғындық сыйлап әрі серпімді етіп ұстайды. Әжімдерді басып, қартаюдың алдын алады және бәсеңдетеді.

Қолдану әдісі: таңертең кеш тонерді шашып болғаннан кейін жағылады. Қажет болса одан да көп пайдалануға болады.

Ұсынылады: Құрғақ және орташа, сезімтал тері типтеріне ұсынылады

 

Лосьон  (майлы)

Құрамы: жожоба майы, өрік майы, арган майы, лаванда гидролаты, витамин Е, витамин Б6, гиалурон қышқылы, шай гүл сығындысы, зімбір сығындысы,

Рөлі: Беттің қабынуын, ісінуін басады, витамин Б6-ның беттегі майды азайту және безеуді жою рөлі бар. Бетті ылғалдандырып, тазартады, жара аузының жиналуын тездетіп, жазылуын жеделдетеді. Бетіңізге әр мен ажар сыйлайды.

Қолдану әдісі: таңертең кеш тонерді шашып болғаннан кейін жағылады. Қажет болса одан да көп пайдалануға болады.

Ұсынылады: Майлы және жетілген, аралас, безеуі бар тері типтеріне ұсынылады.

 

  1. Күндізгі крем

крем  (құрғақ)

Құрамы: авокадо майы, какау майы, манго майы, макадамин майы, роза гидролаты, витамин Е, витамин Б5, коллаген, гиалурон қышқылы, tranexamic acid

Рөлі: Терінің сезімталдығын басады. Су құрамын толықтырып беттегі қызаруды, қышуды бәсеңдетеді. Терінің құрғауы себебінен пайда болған әжімдерді кетіруге көмектеседі. Күннен пайда болған сепілдер мен қара дақтардың кетіреді. Ағартады.

Қолдану әдісі: таңертең кеш лосьоннан кейін жағылады. Қажет болса одан да көп пайдалануға болады.

Ұсынылады: Құрғақ және орташа, сезімтал, нәзік тері типтеріне ұсынылады.

 крем  (майлы)

Құрамы: өрік майы, жожоба майы, ши майы, кокос майы, роза майы, арган майы, лаванда гидролаты, витамин Е, витамин Б6, витамин Б3, гиалурон қышқылы

Рөлі: Беттегі бөрткен, безеуді кетіреді және безеуден қалған дақтарды кетіруге көмектеседі, беттегі су теңгерімін қалпына келтіріп, майды басады. Беттің қабынуын, ісінуін басады. Бетті ылғалдандырып, тазартады, Т формадағы бетке арналған.

Қолдану әдісі: таңертең кеш лосьоннан кейін жағылады. Қажет болса одан да көп пайдалануға болады.

Ұсынылады: Майлы және жетілген, аралас, безеуі бар тері типтеріне ұсынылады.

 

  1. ВВ

ВВ крем

Құрамы: зәйтүн сквалены, жожоба майы, амино қышқылы, DC345, глицерин, гидролат, Organic Water in Oil Emulsifier, Grape Seed Anti-Oxidizing Essence т.б

Рөлі: Теріні күннің ультра күлгін сәулесінің зақымдауынан сақтайды, терінің күн сәулесінің әсерінен қартаюының алдын алады. Дақтардың, әжімнің пайда болуын азайтады. Кез-келген теріге ұсынылады.

Қолдану әдісі: негізгі күтімнен кейін қолданылады. Өзін ғана қолдануға болмайды.

Ұсынылады: 18 жастан жоғары кез-келген адамға

 

ВВ кушон

Құрамы: зәйтүн сквалены, жожоба майы, амино қышқылы, DC345, глицерин, гидролат, Organic Water in Oil Emulsifier, Grape Seed Anti-Oxidizing Essence т.б

Рөлі: Теріні күннің ультра күлгін сәулесінің зақымдауынан сақтайды, терінің күн сәулесінің әсерінен қартаюының алдын алады. Дақтардың, әжімнің пайда болуын азайтады. Кез-келген теріге ұсынылады.

Қолдану әдісі: негізгі күтімнен кейін қолданылады. Өзін ғана қолдануға болмайды.

Ұсынылады: 18 жастан жоғары кез-келген адамға

 

Меруерт крем

Құрамы: Aloe extrac, Deionized water, UV absorbers, Titanium dioxide dispersion, Pearl powder, White wax, Vegetables glycerin, Snail liquid

Рөлі: Кез-келген типтегі бетке ұсынылады. Бет терісін ағартып және осы күйді ұзақ уақыт сақтайды. Терлетпейді. Дақ пен секпілді жасыруға көмектеседі. Күн нұрынан, желден және судан қорғайды.

Қолдану әдісі: негізгі күтімнен кейін қолданылады. Өзін ғана қолдануға болмайды.

Ұсынылады: кез-келген адамға.

 

  1. Бетке арналған көбік және гель

Майлы бетке арналған көбік

Құрамы: лаванда гидролаты, жалбыз гидролаты, өсімдік глецерины, амино қышқылы, Decyl Glucoside, витамин Б6, Б5, шай гүлі сығындысы, зімбір сығындысы

Рөлі: Бет терісін тітіркендірмейтін жұмсақ көбік. Терідегі артық майды кетіріп, бет терісінің құрауынан сақтайды. Терінің қабынуын тыныштандырып, безеу, бөрткендерді жояды. Терідегі майдың бөлінуін қалпына келтіреді.

Қолдану әдісі: бет жуу кезінде көбікті қолға алып, бетіңізді жуасыз.

Ұсынылады: : Майлы және жетілген, аралас, безеуі бар тері типтеріне

 

Құрғақ бетке арналған көбік

Құрамы: роза гидролаты, өсімдік глецерины, амино қышқылы, Decyl Glucoside, витамин С, Б5, көк шай сығындысы

Рөлі: Бет терісін тітіркендірмейтін жұмсақ көбік. Бетті тазартады, су құрамының кемуінен сақтайды. Теріге әжім түсурінен сақтайды және әжімнің көбеюінен сақтайды. Нәзік және сезімтал терілердің түрлі мәселелерін шешуге көмектеседі.

Қолдану әдісі: бет жуу кезінде көбікті қолға алып, бетіңізді жуасыз.

Ұсынылады: Құрғақ және орташа, сезімтал тері типтеріне ұсынылады

 

Face Gel

Құрамы: Амино қышқылы, этиленгликол тұндырмасы, глицерин, глутамин қышқылы, бетаин, мия сығындысы, гиалурон қ       ышқылы, т.б

Рөлі: Бет терісін тазартады,аллергияға қарсы,теріге жұмсақ әсер етеді, артық майды кетіріп,теріні құрғатпайды, қабынуға және бактеряға қарсы әсері бар, пор жинауға көметеседі.

 

  1. Шашқа арналға сұйық сабын

Шөптер  шампуны:

Құрамы: Дәрі шөптердің сығындысы, жібек аминқышқылы, кокос майынан алынған алма натрий аминқышқылы, пальма майынан алынған натрий аминқышқылы т.б

Рөлі: Бас терісінің майлылық балансын сақтайды, артық майды жояды, қайызғақты кетіреді және қайызғақтан қорғайды, әлсіз, ұсақ шашты қайраттандырады, шаштың ұшталуынан сақтайды, шаштың түсіуін басады,бастағы тері ауруларын (бөрткен, теміретке) емдеу қасиетіне ие.

Имбир  шампуны:

Құрамы: имбир шырыны, жібек аминқышқылы, кокос майынан алынған алма натрий аминқышқылы, пальма майынан алынған натрий аминқышқылы т.б

Рөлі: шаш өсіру эффетісі жоғары,шашты қоректендіреді, шашты қоюлатып әрі қайраттандырады. Бас терісінің тері ауруларын емдеуге көмектесіді

 

  1. Сарсу

Сарсу (бөрткен)

Құрамы: коллаген, альфа-токоферол, гиалурон қышқылы, кактус сығындысы, жалбыз сығындысы, алоэ сығындысы, теңіз балдырының сығындысы, т.б.

Рөлі: Бет терісін жақсартады, бөрткенді кетіреді, безеуді жояды, безеу мен бөрткеннен қалған бет шұқырларын тегістейді. Бет терісінің қабынуын басады,тері тесіктерін жинайды, тері жасушаларының қалпына кеуіне ықпал етеді.

Қолдану тәсілі: әр күн тазартылған бетке 2-3 тамшы қолданылады,  бөріткен бар жерге неғұрлым көбірек қолдпну,  қажетіне қарай күніне 3 рет немесе оданда көп.

Ұсынылады: бөріткен, безеу, безеуден қалған тесіктер бар адамдарға ұсынылады.

 

Сарсу (дақ)

Құрамы: гиалурон қышқылы, итмұрын сығындысы, сасықшөп сығындысы,ақ саңырауқұлақ сығындысы,мия сығындысы, арбутин  т.б.

Рөлі:  бет терісінің ажарын ашады,  дақтың кетуіне (күннен пайда болған дақ, пигмент, хлоазма, терінің қартаюнан пайда болған дақ) әсер етеді. Терінің қартаюын баяулатады, теріні қоршаған ортаның ластануынан қорғайды.

Қолдану тәсілі: әр күн сайын ұйықтар алдында тазартылған бетке тонер, лосьоннан кейін 2-3 тамшы қолданылады, өзін ғана қолдануға және күндіз қолдануға болмайды.

Ұсынылады: бет терісі тозған, қабыршықтанған, дақ және секпілі бар адамдарға ұсынылады.

 

 

Ерін далабы

Құрамы: жожоба майы, ши майы, токоферол, авокадо майы, бал балауызы, канделиль балауызы, карнауба балауызы, зәйтүн скваланы

Ерекшелігі: Ерін далабының барлық түрі таза, табиғи өнімдер арқылы қолдан жасалған. Құрамында ешқандай химиялық қоспа, жануарлар майы, консервант, спирт жоқ. Адам ағзасына кері әсері жоқ.

Ерінге бальзам

Еріннің  жарылуының алдын алады, ісіну мен терінің жарылуын емдейді. Ерінге нәр беріп, ылғалдықты сақтайды.

Құрамы: зәйтүн майы, ши майы, жожоба майы,альфа-токоферола ацетат, бал балауызсы,

Бетон гель

Рөлі: Бет жууға арналған гель. Беттің майын, бөрткен мен безеуді кетіреді. Бет тесіктерін (пор) жинайды.

Баларға арналған супер крем

Құрамы: аюбалдырған,желбезекше ледурелла, тасташөп, lithospermum шөбі, зәйтүн майы , т.б. Әр түрлі шөптердің тамырының тұндырмасынан жасалыған.

Рөлі:  Сәбилердің терісіндегі түрлі мәселені (мойын қаптарлар, қолтықтың асты, құйрық, шап, т.б қызарып бөртуін  )шешу рөлі бар. Масалардың шағуына, кіші көлемдегі күйік жарақатқа, теміретік, т.б емдеу рөлі бар.

 

 

 

Ұйқы құпиясы

Құрамы: кокос майы, зәйтүн майы, альфа-токоферола ацетат, сары балауыз, жалбыз майы, карнауба балауызы, корица майы, имбирь майы, лимон майы, грейпфурт майы

Рөлі: жүйкені тыныштандырып, ұйқыны қалыпқа түсіреді, көп түс көруді азайтып, оның салдарынан болатын шаршауды басады, адамды сергітеді, аяқ терісінің жарылуын және қатуын қалпына келтіреді, бактериаларды жояды, жағымсыз иісті жоғалтады.

Қолдану әдісі: аяқты тазалап жуғаннан кейін ұйықтар алдында аяғыңызға жағып, аздап массаж жасау керек.

Ұсынылады: жүйке жүйесі шаршаған, ұйқысы қашқан, аяқ терісіндегі түрлі аурулары бар, терісі қабынған, грибук және т.б ұсынылады.

 

Қол крем

Құрамы:ши майы,  зәйтүн майы, какао майы, альфа-токоферола ацетат, балауыз , т.б

Рөлі: қолдың терісінің жарылғанын басады, терінің тозуын жақсартады, теріні қарқынды нәрлендіреді, теріні жұмсақ әрі тегіс етеді.

 

Көздің  айналасындағы сезімтал теріге арналған крем

Құрамы:ши майы,  жожоба майы, коллаген, альфа-токоферола ацетат, балдыр сығындысы, ұлулардың шырышты сығыдысы, теңіз улдырығының экстракы , т.б

Рөлі: көздің айналасындағы ұсақ әжімдерді азайтады, теріні жақсартып серпінділігін нығайтады, ісікті және қара шеңберді кетіруге көмектеседі, терінің салбырауын басып ,зақымдалған теріні қалпына келтіреді.

 

Гигиеналық сабын

Құрамы: Ермен, жабайы аскөк, бақажапырақ, т.б

Рөлі: Қабынуға және бактериа мен вирусқа қарсы. Қышуды басады. Жағымсыз иісті кетіреді. Таза әрі сергек болуыңызға көмектеседі. Суықты алады.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз