Табиғатты қорғау – мемлекеттік маңызы бар мәселе

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

8 0 0

Табиғатты қорғай отырып, оны жақсарту мақсатында 5 маусым ­– әлемде қоршаған ортаны қорғау күні ретінде белгіленген

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым ­­­–­­ Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатты қорғау мен Қазақстандағы биоәртүрлілікті сақтауды мемлекеттік маңызы бар мәселе деп атады.

«Бүгін Дүниежүзілік қоршаған орта күні. Биыл бұл шара биологиялық алуан түрлілікті сақтауға арналып отыр. Қазақстанда жан-жануарлардың, құстардың, балықтар мен өсімдіктердің ондаған түрі жойылып кету қаупінің алдында тұр. Табиғатты қорғау – мемлекеттік маңызы зор іс», –­­ деп жазды президент Твиттерде.

Айта кетейік, 1972 жылы 15 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясының 27-сессиясында жарияланған қарары бойынша жыл сайын 5 маусымда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтеді.

БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің осындай қарары арқылы мемлекеттер мен ұйымдарды жыл сайын қоршаған ортаны сақтауға және жақсартуға деген ұмтылысын растайтын іс-шаралар өткізуге шақырады.

Оқи отырыңыз: Табиғат және сәулет: Ресейдің таңғажайып суреттері алматылықтарға көрсетілді



sputniknews.kz