Табиғатты қорғау – мемлекеттік маңызы бар мәселе
Қысқа сілтеме алу
Табиғатты қорғай отырып, оны жақсарту мақсатында 5 маусым – әлемде қоршаған ортаны қорғау күні ретінде белгіленген
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатты қорғау мен Қазақстандағы биоәртүрлілікті сақтауды мемлекеттік маңызы бар мәселе деп атады.
«Бүгін Дүниежүзілік қоршаған орта күні. Биыл бұл шара биологиялық алуан түрлілікті сақтауға арналып отыр. Қазақстанда жан-жануарлардың, құстардың, балықтар мен өсімдіктердің ондаған түрі жойылып кету қаупінің алдында тұр. Табиғатты қорғау – мемлекеттік маңызы зор іс», – деп жазды президент Твиттерде.
Айта кетейік, 1972 жылы 15 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясының 27-сессиясында жарияланған қарары бойынша жыл сайын 5 маусымда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтеді.
БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің осындай қарары арқылы мемлекеттер мен ұйымдарды жыл сайын қоршаған ортаны сақтауға және жақсартуға деген ұмтылысын растайтын іс-шаралар өткізуге шақырады.
Оқи отырыңыз: Табиғат және сәулет: Ресейдің таңғажайып суреттері алматылықтарға көрсетілді
sputniknews.kz